| |
Халықаралық ынтымақтастық |
|
Адам құқығы жөніндегі уәкілдің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық нысаны бірлескен жобалар аясындағы жұмыс болып табылады. Қазіргі кезде мынадай жобалар іске асырылуда.
1. «Қазақстанда балалар омбудсмені жүйесін құру» (Еуропалық Одақ қаржыландырады, ЮНИСЕФ пен серіктестікте іске асырылады).
Жоба бала құқықтарын бұзу туралы шағымдарды қарау жүйесін құруға, сондай-ақ олардың құқықтарының Қазақстанда сақталуына омбудсмен мекемесі, өзге де мемлекеттік органдар, азаматтық сектор кәсіби және сапалы мониторинг жүргізуіне бағытталған. Жоба қызметі үш таңдап алынған аумақтарда бала құқықтары жөніндегі омбудсмен модельдерінің шағымдармен жұмыс істеу жүйесін талдауға, оларды сынау және бағалауға бағытталған. Одан басқа, жоба Астанада, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бала құқықтарын сақтау саласында мониторингтік зерттеумен айналысатын ресурстық орталықтарды құруды көздейді.
Жобаны іске асыру 16 айға есептелген. Жоба қазақстандық бала омбудсмені жүйесін құрудағы алғашқы саты болып табылады. Ол мақсатты топтар арасында (балалар, ата аналар, балалармен жұмыс істейтін кәсіби топтар арасында) білім беру және ағарту жұмысын, еліміздің үш аймағында бала омбудсмені офистерін құруды, мамандарды оқытуды көздейді.
Жоба бойынша бала құқықтарын бұзу туралы ақпарат жинақталған, үкіметтің және үкіметтік емес ұйымдардың бала құқықтарының мониторингісі мен есептілігінің мүмкіндіктері, рөлі мен жауапкершіліндегі кемшіліктер белгіленген.
2. «Орталық азияда паналау жүйесін нығайту мақсатында әлеуеттің институциональдық тұрғыда дамуын нығайту жөніндегі қызмет» (Еуропалық Одақ және БҰҰдың УВКБ қаржыландырады)
Жоба Қазақстан Республикасындағы көшіп қонушылардың, босқындар мен оралмандардың құқықтары саласындағы ахуалды республика аймақтарында (босқындардың көпшілігі тұратын Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында) осы санаттағы адамдардың құқықтарын сақтаудың ауқымды мониторингісі негізінде талдауға, азамат құқықтарын қорғау мәселесімен мамандандырылған құқықтық қорғау ұйымдарының күштерін біріктіруге, босқын және оралман мәртебесін беру кезінде туындайтын мәселелерді, сондай-ақ заңсыз көші- қон мәселесін актуальдандыру процесіне БАҚ мүмкіндіктерін тартуға бағытталған. Жоба 14 айға есептелген (2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін). Жобаның қорытындысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында босқындар құқықтарын сақтау туралы» есебі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.
|
|