| |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл |
|
ШӘКІРОВ АСҚАР ОРАЗАЛЫҰЛЫ
1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.
1 класс Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық рангісі бар.
1978 жылдан 1992 жылға дейін КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1992 жылдан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі.
1995 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл.
1996 жылдан 1998 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші.
1996 жылдан 1998 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1998 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі
2004 жылғы тамыз айынан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы.
2007 жылғы қыркүйектен осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
|
|