Сарапшылық кеңесі

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) қоғамдық негізде әрекет ететін консультативтік талдау қызметін атқаратын кеңесші орган болып табылады.

Кеңес ғалымдар, ғылымизерттеу мекемелері, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес құқықтық қорғау ұйымдары, сондай-ақ адам және азамат құқықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік органдар қыметкерлері арасынан құрылады.

Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) Адам құқықтары жөніндегі уәкілге оның өзінің өкілеттіктерін іске асыруда кеңестік көмек көрсету;

 2) адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу, оны халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына сәйкес келтіру жөнінде;

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынатын жыл сайынғы есептерін әзірлеу жөнінде сарапшылық жұмыс.

Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Адам құқығы жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары қатысты бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау;

2) Адам құқығы жөніндегі уәкілге  адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну;

3) Қазақстан Республикасында адам құқықтарын сақтау жөніндегі ахуалды зерттеу және талдау;

4) адам құқықтары мен бостандықтары саласында ағарту жұмысын жүзеге асыру. 

 Адам құқығы жөніндегі уәкіл жанындағы сарапшылар кеңесінің құрамы

Фамилия, имя, отчество

Место работы и должность

1.

Ақжанов Әбдікәрім Арынович

Ақмола облысы Әділет департаментінің бастығы

2.

Амандықова Сәуле Кошкенқызы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі

3.

Баймұхаметов Ерлан ертайұлы

ҚР Бас Прокуратурасы аппаратының заң шығару қызметі саласын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы

4.

Булименко Татьяна Викторовна

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің аға сарапшысы

5.

Ғалиев Серік Жақыпбекұлы

Қаржы полициясы академиясының экономикалық қылмыстарды ашу және тергеу әдістемесі кафедрасының профессоры,, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

6.

Кожевников Валерий Владимирович

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Әлеуметтік экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры

7.

Қоғамов Марат Чекишевич

Қаржы полициясы академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор

8.

Әбдрасылов Ермек Баяхметұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор

 

9.

Күлжабаева Жанат Орынбекқызы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты

10.

Құдайбергенов Қуандық

Доцент,. Жұмыс істемейді. Алдыңғы жұмыс орны «Тұран» университеті (Астана) оқу*тәрбие ісі жөніндегі проректор

11.

Сәрсембаев Марат Алданғорұлы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор

 

12.

Хасенов Нұрлан Жадырұлы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

13.

Халюткин Владимир Васильевич

Астана қаласы Адвокаттар коллегиясының Орталық заңгерлік кеңес беру кеңсесінің меңгерушісі

14.

Подопригора Роман Анатольевич

Заң ғылымдарының докторы, профессор

 

15.

Воронов Виталий Иванович

«Алматы заң корпорациясы» қоғамдық бірлестіктің президенті

16.

Кішкенбаев Асқар Болатұлы

Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының судьясы

17.

Пен Сергей Геннадьевич

Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы

 




 
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006