Государственные закупки

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Негізгі » Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ- АЙҒАҚ Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтың ЕЫҚҰ елшілері делегациясымен кездесуі өтті.

Версия для печати Версия для печати

21.10.2009 

Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтың ЕЫҚҰ елшілері делегациясымен кездесуі өтті.

Ә. Шәкіров кездесу барысында шетелдік дипломаттарды өз жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды, қазақтандық омбудсменнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны сипаттап берді. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау саласында жүзеге асырылып жатқан маңызды іс шаралар, атап айтқанда, Уәкіл жанынан Азаптауды және басқа да қатыгез және адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін қарым қатынас пен жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының құрылуы, сондай-ақ Азаптауға қарсы конвенцияға ратификацияланған факультативтік Хаттама аясында Ұлттық алдын алу механизмін жасау туралы айтылды.

Елшілер, сондай-ақ, Уәкілдің заң шығару саласына қатысуы мәселесіне, оның құқықтық қорғау саласында, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасында медиаторлық рөлін жүзеге асыруы мәселелеріне қызығушылық танытты.

Тараптар конструктивтік диалогқа қанағаттанып, алдағы Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуіне дайындалу аясында одан әрі өзара іс қимыл жасауға дайын екенін білдірді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006