Государственные закупки

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Негізгі » Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ- АЙҒАҚ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтың БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар

Версия для печати Версия для печати

20.10.2009 

2009 жылғы 20 қазанда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтың БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілінің міндетін атқарушы Фиона Фрейзермен кездесуі өтті.

Тараптар кездесу барысында мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы қызметімен, азаматтық қоғамның қызметі үшін жағдай жасаумен, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне ұсыну үшін Адам құқықтары туралы жалпы мерзімді шолу аясындағы ұлттық баяндаманы әзірлеумен байланысты мәселелерді талқылады.

Республикамыздың демократия курсына бейімділігі мен Қазақстанның алдағы уақытта Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық ету мағынасында адам құқықтарын қорғау саласында жүргізіп жатқан іс шаралардың маңыздылығы туралы ортақ көзқарас білдірілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006