Государственные закупки

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Негізгі » Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ АЙҒАҚ

Версия для печати Версия для печати

14.12.2009 

Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі адамдарға шын мәнінде көмек көрсету 2009 жылғы 13 қарашада жүргізілген «Қазақстан Республикасы Президентімен тікелей желі» аясында келіп түскен көптеген хаттарына байланысты Мемлекет Басшысының ерекше бақылауына алынды.

Осыған байланысты 2009 жылғы 9 желтоқсанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері «Қазақ су қараңғылар қоғамы» Қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына мониторинг жасау үшін барып қайтты, оның қорытындылары бойынша халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы болып табылатын мүмкіндіктері шектелген адамдардың құқықтары жүйелі түрде бұзылатыны анықталды.

Нарықтық қатынас жағдайында жай өндіріске теңестірілген осы мамандандырылған кәсіпорын іс жүзінде банкрот болып табылады. Үлкен кредиторлық қарыз пайда болды, өнім өтпейді, бұл жалақының кедеруіне және толық төленбеуіне әкеп соғады, еңбек заңнамасының нормалары бұзылады.
Кәсіпорында еңбек көлемінің азаюына байланысты тек 72 су қараңғы мүгедектер жұмыспен қамтылған – талғар ауданында тұратын су қараңғылардың төрттен бір бөлігі.

Кәсіпорынның барлық инфрақұрылымы құлдыраған. Жеке тұлғаға қонақ үй салу үшін жер телілімін жылу қазанымен бірге сатуға байланысты ғимараттың әкімшілік және өндірістік ғимараттар, сондай ақ мүгедектердің баспаналары жылу жүйесінсіз қалды.

Кәсіпорында жұмыс орындары жасалмайды, мүгедектер баспана сатып алуға тым болмаса оны жалға алуға мүмкіндіктері жоқ. Орталықтандырылған жылу жүйесі, суы, кәріз құбырлары жоқ барак типті ведомстволық жатақханада 18 мүгедектің отбасыларының тұру жағдайы санитарлық және тұрғын үй нормаларына сай емес.

Қазақстанның ЕЫҚҰда төрағалық етуі, республиканың БҰҰ Мүгедектер құқығы туралы конвенцияны ратификациялауы, сондай ақ алдағы уақытта 2010 жылы БҰҰ жеткілікті баспана туралы мәселесі бойынша арнайы баяндаушысының елімізге инспекторлық сапары әлеуметтік типтегі мамандандырылған мекемелердің халықаралық мониторингін жүргізу үшін барынша транспаренттікті қамтамасыз етуді көздейді.

Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Қазақ су қараңғылар қоғамы» Қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнында заңдылықтың бұзылуына тиісті шара қолдану туралы Бас прокуратураға хат жолдады.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006