Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48
|
|
Негізгі » Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ - АЙҒАҚ Үстіміздегі жылғы 16 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров төрағалығымен Азаптаулар мен басқа да қатыгез қа |
|
16.06.2010
Үстіміздегі жылғы 16 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров төрағалығымен Азаптаулар мен басқа да қатыгез қарым қатынастар мен жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болды.
Жұмыс тобының отырысында ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Қ.Т. Қамзабаевтың бас бостандығынан айырылған жерлерде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу және тосқауыл қою жөнінде қабылдайтын шаралары туралы ақпараты тыңдалды.
Қоғамда көптеген пікірлер тудырған, соның ішінде, Қарағанды облысының АК-159/6 мекемесінде сотталушы Е. Карашаны соққыға салумен байланысты оқиғалар қаралды. Соңғысы бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.
Пікір алмасуға Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, сондай-ақ Қазақстандық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және «Хартия за права человека» қоғамдық қордың өкілдері қатысты.
Жоғарыда аталған оқиғаларды тергеуді Жұмыс тобы бақылауына алуы қажет деп айтылған пікір бір ауыздан қолданды.
Отырыста Жұмыс тобының 2010 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары қаралып мақұлданды.
|
|
|