Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48
|
|
Негізгі » Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ-АЙҒАҚ Үстіміздегі жылғы 24-25 маусымда Астана қаласында, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Астана қаласындағы ЕЫҚҰ Орталығымен және Дания Ада |
|
24.06.2010
Үстіміздегі жылғы 24-25 маусымда Астана қаласында, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Астана қаласындағы ЕЫҚҰ Орталығымен және Дания Адам құқықтары жөніндегі институтпен бірлесіп «Шағымдарды Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес ұсыну және қарау (рәсімдері мен механизмдері)» тақырыбында семинар өткізді.
Осы семинардың жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімішілігінің, басқа да мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми орталардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Халықаралық сарапшылар семинарға қатысушыларды БҰҰ Комитеттеріне жеке шағымдарды беру және оларды қарау тәртібі мәселелерімен таныстырды.
Талқылау барысында адамның әділ сот талқылауына, өз пікірін еркін білдіруге құқықтарын іске асыру саласында сындарлы пікір алмасты.
Қатысушылар тарапынан семинар қорытындылары бойынша оны өткізудің өзектілігі мен уақытылылығы, ұлттық заңнамаға жалпыға танымал халықаралық нормалар мен стандарттарды одан әрі енгізу қажеттігі туралы ортақ пікір айтылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі
|
|
|