Государственные закупки

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Негізгі » Жаңалықтар

Баспасөз –айғақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобыны

Версия для печати Версия для печати

29.06.2010  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өтті, оның барысында Қарағанды облысының пенитенциарлық мекемелеріне бақылау мақсатымен бару қорытындылары жасалды. Жақында бұл мекемелерде ұсталатын сотталушылардан оларды ұстау жағдайына шағымдар келіп түскен.

АК -159/5 (Қараған кенті) ерекше режимдегі және АК -159/6 (Долинка кенті) қатаң режимдегі колонияларға барып қайту нәтижелері шағымдардың айтарлықтай бөлігі негізді деп санауға толық негіз береді. Дәрі-дәрмек тапшылығы, мекеме жанындағы дүкенде бірінші қажеттегі тауарлар жиынтығының тапшылығы, арнайы контингенттің жұмыспен нашар қамтылуы сияқты жалпы сипаттағы мәселелерден басқа, ескірген инфрақұрылым – жартысы апаттық жағдайдағы, кейбіреулері жөндеуге келмейтін өткен ғасырдың ортасында салынған ғимараттар басты мәселе болып табылады.

Осы мекемелерге барған Бас прокуратура, әділет және денсаулық сақтау министрліктері арасынан құрылған Жұмыс тобы мүшелерінің ортақ пікірі бойынша оларда ұстау жағдайлары жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмейді, ал жекелеген жағдайларда онда ұсталатын сотталушылардың денсаулығына қауіпті болып табылады.

Себептік–салдарлық факторларға сүйене келе, жоғарыда аталған жағдайлар жағымсыз ахуал пайда болуы үшін, осы мекемелерде орын алған және БАҚтарда жарияланған деректерді қоса алғанда, жанжал жағдайын тудыру үшін ушықтыратын орта болуы ықтимал.

Уәкіл мекеме басшылығымен, ҚАЖ департаментінің және облыстық прокуратура өкілдерімен, сотталушылармен және олардың туыстарымен, жергілікті құқық қорғау ұйымдары өкілдерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар Интернетте сотталушыны ұру туралы видеороликті орналастырумен, сондай-ақ топ болып дене мүшелеріне зақым келтіру жағдайына байланысты оқиғаларға қатысушылармен жеке кездесулер өтті. Қазіргі кезде осы фактілер бойынша тиісті мемлекеттік органдар тергеу жүргізуде.

Жұмыс тобының тікелей ықпал етуімен осы тергеу бойынша процессуалдық іс әрекеттер тиісті құқықтық қорғауды, аудармашыны ұсыну және т.с. қамтамасыз етуді қоса алғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылауға алынды.

Тұтастай, Жұмыс тобының мүшелері қарау қорытындылары бойынша пенитенциарлық мекемелердегі қалыптасқан ахуалға алаңдаушылық білдірді. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу ҚАЖ Комитетінің құзыры шегінен тыс кететінін ескере отырып, сонымен қатар оның басшылығына Қазақстанның сотталушылармен қарым қатынас саласындағы халықаралық стандарттар мен нормаларды сақтау жөнінде алған міндеттемелерін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау ұсынылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006