Государственные закупки

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Негізгі » Жаңалықтар

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бүгін Астанада Қазақстанға ЕЫҚҰ Толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конф

Версия для печати Версия для печати

01.07.2010  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бүгін Астанада Қазақстанға ЕЫҚҰ Толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясына қатысу үшін келген Норвегияның Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының Альф-Оге Хансен басқарған делегациясымен кездесу өткізді.

Осы ұйым қызметі бейбітшілікті, адам құқықтарын және бүкіл әлемде діни аралық толеранттықты алға жылжытумен байланысты коммерциялық құрылым болып табылады.

Тараптар кездесу кезінде Орталық Норвегия Хельсинки комитетімен бірлесіп әзірлеген адам құқықтары ахуалы туралы баяндаманы іске асыру мәселелерін талқылады, оның ресми тұсаукесері Толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция аясында өтті.

Омбудсмен мемлекеттің адам құқықтарын, атап айтқанда, діни наным бостандығы саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің негізгі бағыттарымен және қабылдап отырған шараларымен таныстырды. Делегация жоғарыда аталған ақпаратты оң қабылдады. Омбудсмен мекемесі мен Норвегия бейбітшілік және адам құқықтары орталығының диалогты одан әрі жалғастыруы және ынтымақтастығының маңыздылығы туралы ортақ пікір білдірді.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006