Государственные закупки

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Негізгі » Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ- АЙҒАҚ 2010 ж. 12 шілде

Версия для печати Версия для печати

12.07.2010 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров «Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқықтық қорғау ұйымының делегациясымен кездесу өткізді, оны Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімшесінің басшысы Рейчел Денбер басқарады.

Қазақстанда шетелдік еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді талқылау делегация сапарының мақсаты болды.

Кездесу барысында шетелдік қонақтар Омбудсменді жоғарыда аталған шетелдік азаматтар санатының құқықтарының бұзылуын алдын алу және жою жөніндегі осы ұйым жүргізген зерттеуінен туындайтын негізгі қорытындылармен және ұсыныстармен таныстырды.

Тараптар бұл ретте заңсыз миграция қаупін мойындай отырып, еңбек мигранттары құқықтарының тиісті халықаралық құқықтық нормалары аясында қорғау қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.
Делегация мемлекеттің өз азаматтары құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің басым бағыттары, сондай-ақ ұлттық, атап айтқанда еңбек миграциясы саласындағы заңнаманы жетілдіру келешегі туралы хабардар етілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006